Синоптиктер болжамына қарағанда, алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінің тұрғындары қыстың жақындап қалғанын сезінеді. Атлант аймағынан суық антициклон қозғалып, жылы Оңтүстік циклоның алмастырады. Суық ауа массаларының әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының күрт төмендейді.
7-8 желтоқсанда түнгі уақытта еліміздің солтүстігі мен шығысында термометр 22-30 аязды көрсететін болады. Ал республиканың оңтүстік өңірлері болса, Иран аудандарынан келетін жылы ауа массаларының қорғауында қалады. Мұнда айтарлықтай салқындау болжанып отырған жоқ, — делінген хабарламада.