5 желтоқсандағы дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 8 783 874 адам, 2-компонентін 8 182 339 адам салдырды.
Оның 126 674 адам Pfizer вакцинасының I-дозасын салдырды.
Оның ішінде:
- жасөспірімдер — 101 114;
- жүкті әйелдер — 7 630;
- бала емізетін әйелдер — 17 930 салдырды.
Айта кетейік, елімізде күннен-күнге COVID-19 инфекциясын жұқтыру дерегі азайып келеді. Қазақстанда өткен тәулікте 632 адамнан коронавирус анықталды.