Басты бетЖаңалықтарЕлімізде рожки,...

Елімізде рожки, ұн және құс еті нарығында баға өзара келісіммен көтерілген

Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайтында  хабарланды.

Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қостанай және Алматы облыстарындағы рожки, ұн, құс еті нарығы субъектілерінің атына бағалық сөз байласу және үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерінің болуы туралы 6 ескерту жіберді, — делінген хабарламада.

Ақпарат бойынша, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарында өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және сауда желілерімен сауда үстемесін 15%-дан 10%-ға дейін төмендету туралы монополияға қарсы комплаенстің 23 актісі жасалды. Жалпы республика бойынша монополияға қарсы комплаенстің 183 актісі жасалған.

Премьер-министр орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қолданыстағы барлық құралдарды пайдалану арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және төмендету шараларын одан әрі орындауды тапсырды.

Өңірлердің әкімдіктеріне тұрақтандыру қорларында бес айлық азық-түлік қорын қалыптастыру, азық-түлік өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу, сонымен қатар делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметін жандандыру тапсырылды.