Басты бетЖаңалықтарАяжан Еділованың...

Аяжан Еділованың өлімі: Күдікті зорлық жасамағанын мәлімдеді

Атышулы іске қатысты екінші сот отырысы өтті. Бұл туралы Astana телеарнасы хабарлады.

Бес куәгерден жауап алынды. Олар марқұмның екі туысы мен таныстары. Жәбірленуші тараптың заңды өкілінің айтуынша, айыпталушы кінәсін толық мойындамады.

Сотталушы Төребеков өзінің адам өлтіргені туралы кінәсін мойындап, адам зорлағаны туралы кінәсін мойындамай отыр. Біздің жәбірленуші тараптан өлтіруден бөлек, тағы да зорланған мәселесін дәлелдеу мәселесі тұр. Осы барысында енді жұмыс істей бастаймыз, — дейді жәбірленуші тараптың заңды өкілі Қадыржан Ғалымжанұлы.

Жәбірленушілер қылмыс жасаған адамды, өмір бойына бас бостандығынан айыру қажет деген пікірде. Оның айыбын дәлелдеу үшін барлық дәйектерді ұсынамыз дейді. Атышулы іс 30 томнан тұрады. Процесті судья Еркін Майшынов қарап жатыр.

Келесі сот отырысы 9 желтоқсанға өтеді.

Естеріңізге салсақ, қанды қылмыс биыл наурыз айында болды. Жұмыстан шығып, іс-түзсіз жоғалған Аяжанның денесі Нұркент ықшамауданындағы пәтерден табылған еді.