Шет тілдері университетінің студенттерін басқа оқу орнына ауыстыру жұмысы аяқталып қалды

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі таңда 1 300 студенттің 1 000-нан астамы басқа жоғары оқу орындарына ауыстырылды. Қалған студенттерді ауыстыру мәселесі аяқталуға жақын,- делінген хабарламада.

Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің қызметкерлері қазір Алматыда студенттермен, ата-аналармен және университет қызметкерлерімен кездесулер өтті.

Біз былтыр Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде тексеру жүргізіліп, бұзушылықтар анықталғаны туралы хабарладық. Осы жазда университет жабылып, білім беру лицензиясынан айырылатыны туралы ақпарат жарияланды. Дегенмен студенттер басқа жоғары оқу орындарына ауыспай, барлық сот апелляцияcының нәтижесін күтуге шешім қабылдады. Енді университет жұмысын іс жүзінде тоқтатқан соң студенттер басқа жоғары оқу орындарына ауысуға келісім берді, — деді білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Эльвира Сапарбекова.

Ведомство Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің қалған студенттерін ауыстыру бойынша жұмыс тобын құрған.

Жұмыс тобының алдына студенттерді басқа жоғары оқу орындарына ауыстыру міндеті қойылды. Барлық студенттер транскрипттер алып, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, «Нұр-Мүбарак» университеті, Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті сияқты жоғары оқу орындарына жіберілді, – деді Эльвира Сапарбекова.

Министрліктің мәліметінше, жоғары оқу орындарының басшылығымен жетім балаларға жеңілдіктер беру туралы келісім бар.