Алматыда сыбайлас жемқорлықты азайту мәселесі талқыланды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Алматы әкімдігі, «Nur Otan» партиясы, «Атамекен» ҰКП өкілдерінің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтті.

Белсенді азаматтық қоғамдастықсыз сыбайлас жемқорлықты азайту, одан да көп жою туралы айтудың мағынасы жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты іс — қимыл мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана мүмкін болады, — деді спикерлер.

Мұрат Ахметов
Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Конференция барысында Алматы қаласында 2021 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыс талқыланып, қорытындыланды.

Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және қоғам арасында парасаттылық, адалдық және әділдік мәдениетін ілгерілету бүгінгі таңда ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін азаматтық қоғамның қатысуы қажет екенін түсіну өте маңызды,- деді Алматы қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Мұрат Ахметов.