Басты бетЖаңалықтарШавкат Мирзиёев...

Шавкат Мирзиёев Қазақстанға келеді

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-6 желтоқсан күндері елімізге Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев екі күндік мемлекеттік сапармен келеді. Көпқырлы қазақ-өзбек қатынастарына тың серпін беру мақсатымен Қазақстан мен Өзбекстан басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді. Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде, — деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.