Басты бетЖаңалықтарАлматыда «қызыл»...

Алматыда «қызыл» мәртебесі бар 24 адамға айыппұл салынды

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Аshyq арқылы 14 күндік үй карантинін бұзған 24 алматылық әкімшілік жауапқа тартылды және айыппұл (30 АЕК) төледі.

СOVID-19 үшін ПТР-тесті оң нәтижелі алматылықтар қоғамдық орындарға, Ashyq қосымшасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға барған.

  • Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаторияда ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады.