Басты бетЖаңалықтар2025 жылы білім гранттарының саны 75 мыңға жетеді

2025 жылы білім гранттарының саны 75 мыңға жетеді

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Конституцияда конкурс арқылы жоғары білім алу құқығы бекітілген. Тек кейінгі 3 жылда ғана жоғары білім алуға арналған гранттар саны 2 есеге ұлғайды. Қазіргі уақытта гранттардың саны 56 мыңға жетіп отыр, — деді министр президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында.

Министрдің мәліметінше, Nur Otan партиясы бекіткен бағдарламада гранттар санын тағы ұлғайту көзделген.

2025 жылы білім гранттарының саны 75 мыңға жетеді. Бұл мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған үлкен қолдау, — деді Асхат Аймағамбетов.