Бұл туралы марқұмның отбасы Instagram-парақшада хабарлады.
Награда «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдердің IX кинофестивалі актеріне тағайындалды. Фархат Әбдірайымов бұл шараның қазылар алқасының мүшесі болған.
Әкемде халық немесе еңбек сіңірген әртіс атағы болған жоқ. Алайда ол әрдайым мейірімділік, табандылық пен әділдіктің бейнесі еді. Сондықтан «Отандық кинематографтың дамуына қосқан үлесі үшін» наградасын ерекше ықыласпен қабылдадық, — делінген жазбада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фестиваль ұйымдастырушылары сыйлықты актердің әйелі Виктория Әбдірайымова мен ұлдары Асан және Темірлан Әбдірайымовқа табыстады.
Еске салайық, қазақстандық актер Фархат Әбдірайымов биыл 21 мамырда Тбилисиде түсірілімде көз жұмды. Фархат Әбдірайымовтың туыстары актердің қазасына инфаркт себеп болғанын хабарлады.
Кейіннен Алматыдағы Kinoplexx Sary Arka кинотеатрына Фархат Әбдірайымовтың есімі берілді.