Мемлекет басшысының айтуынша, республиканың даму тарихында мұндай жағдайлар қалыпты құбылыс деп есептеледі.
«Мен ұсынған 5 институционалдық реформалардың бірі — парламентке экономика саласында орындаушы өкілдік беру. Бірақ, қорғаныс қабілеті туралы маңызды сауалдар, сыртқы саясат, мемлекеттік басқару, Конституцияны қорғау мен билік өкілдерінің тиімді жұмыс істеуін қадағалау президенттің құзыретінде қала бермек», — деді Н.Назарбаев.
Бағдарламаны мақұлдау, үкіметтегі кадрлық өзгерістер мен жаңа басқарушы органдарды құру өкілеттілігі Парламент пен Үкіметке ауысуы мүмкін.
Президенттің айтуынша, мемлекетті басқару жүйесіндегі парламенттің рөлін күшейтетін уақыт жетті.
«Біздің талабымыз бойынша үкімет жеңген партиядан немесе фракциялардан құралады. Сондықтан, көптеген сауалдар бойынша үкіметке қатысты Парламент рөлі қайта қаралуы қажет», — деді президент.
Жұмыс тобының жетекшісі Әділбек Жақсыбеков мемлекет басшысына билік тармақтары арасында өкілеттілікті қайта бөлу жайында алдын ала дайындалған ұсыныстар туралы баяндады. Ол барлық ұсыныстарды үш бағытқа бөлдік дейді.
Біріншісі. Бұл – Конституцияға өзгеріс енгізуге тура келмейтін президеттің заң жүзіндегі құзіреттілігін бөлу туралы ұсыныс. Мұнда әлеуметтік-экономикалық саланың мәселелеріне қатысты мемлекеттік органдардың ұсыныстары жинақталды. Экономиканы, қаржыны, мемлекеттік мүлікті басқару және әкімшілік-аумақтық құрылымға қатысты сауалдар осы бөлімде қамтылды.
Екіншісі. Жоғары сот пен Бас прокуратура сот ісі мен құқық қорғау жүйелерін жетілдіру туралы өз ұсыныстарын білдірді. Бұл да Конституцияға өзгерістер енгізуді талап етпейді. Бұл ұсыныс сот бақылауы мен азаматтық және әкімшілік процестерге прокурорлардың қатынасын азайтуға қатысты. Сот-құқықтық саласы бойынша конституцияға өзгеріс енгізуді қажет етпейтін 13 ұсыныс түскен.
Үшінші. Жұмыс тобына Конституцияға өзгерістер енгізуді қажет ететін бас-аяғы қырыққа жуық ұсыныс түскен. Бұл мәселеде депутат корпусы мен ғылыми-сарапшылар қауымдастығы белсенділік танытты. Үкімет құрудағы парламент пен оның палатасының құзіреттілігін кеңейту де осы бөлімде қарастырылған. Сонымен қатар, Парламент алдында Үкіметтің есеп беруін өкілдігін күшейту ұсынылды.
Осылайша, заңды тұрғыда билікті қайта бөлісу мәслесі Конституцияға айтарлықтай өзгертулер енгізілместен жүзеге асырылуы мүмкін.