Басты бетЖаңалықтарАлматыда әскери...

Алматыда әскери институттың 210 курсанты оқу мекемесінен кетіп қалған

2 желтоқсанда таңғы 9-дан бастап курсанттар сабаққа қатысқаны атап өтілді. Олардың ата-аналарына болған жағдай хабарланады.

2021 жылдың 1 желтоқсанында сағат 18.00-ден кейін құрлық әскерлері институтының 210 төртінші курс курсанты оқу орнынан рұқсатсыз кетіп қалған. Институт бастығы, генерал-майор Дулат Адырбековтің айтуынша, курсанттардың өз бетінше кетіп қалуының себебі – кадр тағайындалуындағы келіспеушілік, факультет бастығының ауысуы, олар бұрынғы басшылықты қайтаруды сұрайды, – делінген хабарламада.

  • Айта кетейік, дерек бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдиновтің басшылығымен Қорғаныс министрлігі комиссиясы тергеу жүргізіп жатыр.