Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінде Маймиевтер әулеті 7 баланы тәрбиелеп отыр. Ақмарал Жалғасқызы болса президент жарлығына сәйкес мемлекеттік «Алтын алқа» алқасымен марапатталды, — делінген хабарламада.
Үшемнің есімін Мәлика, Мәдина, Мүслима деп қойған ата-анасы, ендігі балаларым жылы үйде емін-еркін өседі деп ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, жанұядағы тағы 4 бала Ақши ауылының № 8 мектебінде білім алады. Айтулы шараға аудан әкімі Бағдат Қарасаев қатысты.