Бес өңірде кем дегенде 23 ел ДДҰ-ға жаңа штамның анықталғанын хабарлады. Біз олардың саны әлі де өседі деп топшылап отырмыз, — деді ұйым басшысы.
«Омикронның» жұқпалығы туралы көбірек мәлімет алдағы күндері пайда болады, деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше аурулар бөлімшесі техникалық тобының басшысы Мария Ван Керкхове.
Біз мұның қандай штамм екенін енді ғана түсініп келе жатырмыз. <…> Біздің қолымызда толық ақпарат жоқ, бірақ ол жылдамырақ тарайды деген болжам бар, — деді ол.
Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияның бірнеше сценарийін қарастырып жатыр. Солардың бірінде жаңа штамның «дельтаға» қарағанда жұқпалы әрі тез таралаты ескерілген.