Басты бетЖаңалықтарКәмелетке толмаған...

Кәмелетке толмаған қызды зорлады деген экс-депутатқа сот үкімі шықты

«Диапазон» мәліметіне сәйкес, Ақтөбеде облыстық мәслихат депутаты былтыр желтоқсанда істі болып, «Нұр Отан» партиясы қатарынан шығарылған еді. Айыптаушы тараптың айтуынша, ол кәмелеттік жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, тіпті оны зорлаған және басқа да сексуалдық әрекеттер жасаған.

Ақтөбе облыстық соты «сексуалдық зәбір көрдім» деген қыздың шешесі кәсіпкерді қаралап, табыс тапқысы келген деп санайды. Соттың дерегінше, 15 жастағы қызына физикалық және психологиялық қысым көрсетіп, тергеу кезінде кәсіпкерге қарсы жалған мәлімет беруге итермелеген.

Сот-медициналық сараптама сексуалдық қылмыстарға қатысты объективті деректерді анықтаған жоқ, — деп хабарлады Қылмыстық істер жөніндегі арнайы сот.

Нәтижесінде депутат пен оған қатысы бар деп айыпталған әйел толығымен ақталды. Бірақ қыздың анасы қызын қылмысқа азғырып, жалған мәлімдеме жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Жаза 5 жылдан кейін жүзеге асырылады, сот әйелдің кішкентай баласы бар екенін ескерді.