Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің айтуынша, бұл Алматыдағы этномәдени бірлестіктердің барлық өкілдері үшін үлкен маңызға ие.
Қазақстан халқы Ассамблеясын құрудың бастауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрды. Ол ұлттық тарихқа деген құштарлық барлық қазақстандықтардың бойында өз бастауларының бірлігі сезімін қалыптастыратынын атап өтті. Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша ашылған қалалық Достық үйі этносаралық диалог, өзара іс-қимыл және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық алаңына айналады. Енді 36 этномәдени бірлестік бір шаңырақ астында болады.
«Т. Жароков көшесінде орналасқан кең ғимаратта дәстүрлерді, тілдерді, мәдениетті сақтау үшін барлық жағдай жасалған. 24 кабинет, конференц-зал, тіл сыныбы, би залы, медиация және қоғамдық келісім кеңесі кабинеттері, сондай-ақ қоғамдық қабылдау бөлмесі қарастырылған»,- делінген хабарламада.
Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары, «Ильдаш» татар гуманитарлық даму орталығының төрайымы Нұрия Ниязова Достық үйінің ашылуы қалалық этномәдени бірлестіктер үшін тарихи сәт екенін атап өтті.
«Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бізге, қалалық Ассамблеяға тұрақты қолдауының арқасында көптен күткен өзіміздің қалалық Достық үйіміз ашылды. Бұл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында және Тұңғыш Президент күніне орайластырылған. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, бүкіл қалалық Ассамблея атынан қалалық этномәдени бірлестіктер үшін осы мерейтойлық сыйлық үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді», — деді Нүрия Ниязова.