Қазақстанда биыл коронавирустан 10 бала қайтыс болды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.

Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті мәліметінше, 2021 жылғы 10 ай ішінде COVID-19 инфекциясынан Қазақстанда 11 бала қайтыс болған.

Жедел деректер бойынша 2021 жылдың 10 айында COVID-19 инфекциясынан 1 айлық екі бала (Павлодар облысы, Алматы қаласы), 6 мектеп жасына дейінгі бала (Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстары), 3 мектеп оқушысы (Қарағанды, Қызылорда облыстыры және Нұр-Сұлтан) қайтыс болды, — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, балалар арасында COVID-19 жұқтырудың алдын алу шаралары ересектердегідей: санитарлық нормаларды сақтау, медициналық бетперде тағу, адам көп жиналатын орындардан аулақ болу, вакцина алу.

Балаларда COVID-19 жұқтырғанда клиникалық белгілер: дене қызуының жоғарылауы, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы түріндегі интоксикация синдромы дамиды, асқазан-ішек жолдары зақымдануы мүмкін, тыныс алу жеткіліксіздігі белгілері бар пневмония жағдайлары, — деді.

ДереккөзTengrinews.kz