Алматының мәдениет басқармасы 1 желтоқсанға арналған мәдени іс-шаралар тізімін жариялады.
Сағат 11.00-де Республика сарайында Алматы әкімі қатысатын «Елбасы. Жастар. Болашақ» іс-шарасы, сонымен бірге Тұңғыш президент күні аясында гала-концерт өтеді.
Сағат 18.00-де Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында белгілі скрипкашы Марат Бисенғалиевтің «Алматы — тәуелсіздік бесігі» атты концерті өтеді.
30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Тұңғыш президент күніне арналған «Қыран – 2021» республикалық турнирі өтеді.
1 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовтың жүлдесі үшін дәстүрлі «Мықтылар турнирін» өткізу жоспарланған.
Сонымен бірге 30 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Тұңғыш президент күніне арналған шаңғы жарысынан қаланың ашық біріншілігі өтеді.
Тұңғыш президент күніне орай, қайырымдылық шаралары да өтеді. Алматы әкімдігі Halyk қорымен бірлесіп, 2 мың азық-түлік пакетін таратуды жоспарлап отыр.