M&M’s – тек тәтті кәмпиттер емес, сонымен бірге ол бір қарағанда көзге көрінбейтін заттан үлкен мүмкіндікті көрудің маңызы туралы хикая.
1930 жылдары Азаматтық соғыс кезінде Форрест Марс солдаттардың қант шәрбаты жағылған шоколад жеп жатқанын көреді. Осы көріністен кейін оған M&M’s идеясы келеді. Мұндай қарапайым өнертабыс тәттіні қолда ерітпей, кез келген жерде жеуге мүмкіндік берді. Дәл осыдан келіп кәмпиттің ұраны да пайда болды.
Форрест Марс Hershey компаниясының өкілі Брюс Мюрримен бірлесіп, ыңғайлы қорапқа оралған кәмпит жасап шығады. Брендтің негізін қалаушылардың құрметіне өнім M&M’s деп аталған. Біраз уақыттан кейін Форрест Марс Брюс Мюрридің үлесін толық сатып алса да, кәмпит атауында екі М әрпі қала берген.
Қызық дерек – M&M’s-тің алғашқы кәмпиттерінің түсі табиғи шоколад сияқты қоңыр болды. Бірақ 1960 жылдары өндірушілер өнімдерін түрлендіруді жөн көреді: кәмпит ішіне жаңғақ қосты, қызыл, жасыл, сары және қызғылт сары түстерге бояды. Бұл ашық түстер ұзақ уақыт бойы драженің негізгі палитрасы ретінде саналды.
Кейін тарихы ерекше Көк түсті кәмпит пайда болды. 1995 жылы 10 миллионнан астам америкалық Global Color Vote дауыс беруіне қатысады (еске салайық, ол кезде интернет бүгінгідей дамымаған болатын). Дауыс беру нәтижесінде M&M’s жиынтығына көк кәмпиттерді қосу туралы шешім қабылданады.
Дәл осы кезеңде брендтің тұмарлары — сары, қызыл, көк, жасыл, қоңыр және қызғылт сары түсті тәттілер анимация кейіпкерлеріне айналып, әлемге таныстырылды. Әрқайсы өзіне тән сипат пен ерекшелікке ие.
Қызыл – жақын досына үнемі күңкілдеп жүретін мысқылшыл кейіпкер. Ол ащы тілімен «Достар» сериалындағы Чендлер Бингке, мінез-құлқымен «Кеңсе» сериалындағы Майкл Скоттқа ұқсайды.
Сары – ақкөңіл және қарапайым мінезімен көптің жүрегін жаулаған кейіпкер. Ол досы Қызылды әрдайым қолдауға дайын, сондықтан олар жиі келеңсіз жағдайға ұшырайды. Ол Губка Боб пен Патрик немесе «Қауымдастық» сериалындағы Трой Барнс сияқты достыққа адал. «Қиын жағдайда жаныңнан табылатын нағыз дос» деп Сарыны атауға болады.
Қызғылт сары — келеңсіз оқиғаларға ұрынып жүретін қорқақ кейіпкер. Ол бала кезімізде өмірімізді қызық сәтке толтырған сүйікті Скуби Дуға, америкалық стендап-әзілкеш Джон Малэйниге ұқсайды.
Жасыл – ерекше кейіпкер. Сұлу, сенімді, өзін-өзі бағалайтын жан! Дәл осылай «Үлкен қаладағы секс» сериалындағы Саманта Джонсты, харизмасымен әлемді баурап алған әнші Лиззоны немесе M&M’s-тің Жасыл кәмпитін сипаттауға болар еді. Жасыл еңсесін тік көтеріп, айналасындағылармен күресіп, мақсатына ұмтылады.
Қоңыр да жасылдан еш кем емес. Ол — өзіне не керек екенін нақты білетін, ұқыпты, тиянақты кейіпкер. Бұл қасиеттерімен ол Vogue журналының бас редакторы Анна Винтур, дүниежүзіне өткір көзқарасымен танымал болған сценарист, актриса Эли Вонг секілді.
Көк – шексіз талантымен көрермен көзайымына айналған сүйкімді кейіпкер. Бірақ ол мұнысымен ғана әйгілі емес. Сонымен бірге ол – бір қалып бойынша өмір сүргісі келмейтін және оны сәтті бұзып, бәрін жеңетін бүлікші. Көк кәмпит адам болса, онда ол сөзсіз «Оушеннің 11 досы» фильміндегі харизма мен шытырман оқиғалар символы Райан Рейнольдс болар еді.
Дүниежүзіне M&M’s-тің түрлі-түсті кейіпкерлерінің ұнауы бекер емес, сірә. Біз оның әрқайсынан өзімізде немесе достарымызда бар ортақ қасиетті табамыз. Бүгін жұмыста Қоңыр секілді қатал, ертең жақын адамдарымен уақыт өткізуден рахаттанатын Сары сияқты бақытты немесе бәрін аузына қарататын Жасыл сияқты болуымыз мүмкін – таңдау өзімізде.
Биыл M&M’s 80 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы ұзақ уақыт ішінде компания көп нәрсеге қол жеткізді: табысты бастама, үздіксіз даму, сенімді өсу кезеңдері және бүкіл әлем бойынша табыс. Бірақ алда сізбен қуана-қуана бөлісетін әлі де көп дүние, жаңа жетістіктер күтіп тұр. Кез келген жерде бірге қызық!