Бүгінде ревакцинация жасаған адамдардың саны 9 412 адам, — деді Марат Шоранов Үкімет отырысында.
Вице-министр сонымен бірге коронавирусқа қарсы ревакцинация 22 қарашада басталғанын еске салды.
Айта кетейік, ревакцинация екі кезеңде өтеді.
Бірінші кезеңде:
- медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің және жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері;
- 60 жастан асқан адамдар;
- өз бетінше зерттеуден өткен және антиденелерге теріс нәтижесі бар адамдар.
Екінші кезеңде:
- вакцинацияны екі дозамен аяқтаған адамдар қамтылады.
Айта кетейік, мұның алдында Марат Шоранов елімізде қанша адам Pfizer вакцинасын салдырғанын айтқан болатын.