Басты бетҚоғамМағзұм Мырзағалиев:...

Мағзұм Мырзағалиев: Түркістан облысында мұнай өңдеу зауыттары салынады

Ведомство басшысының айтуынша, биыл мұнай өндіру көлемінің артқан. Оған себеп —  мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмысының аяқталуы.

10 айда мұнай өнімдерін өндіру көлемі 11,3 миллион тоннаны немесе 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 109% болды. Мұнай өнімдерін өндірудің 2021 жылға арналған жоспары 13,1 миллион тоннаны немесе 2020 жылғы көрсеткіштің 105% болды, — деді Мағзұм Мырзағалиев.

Сонымен бірге министр қысқа және орта мерзімді перспективада өндірісті одан әрі арттыру үшін бірнеше іс-шара жоспарланғанын айтты.

Биыл Ақтау битум зауытында битум өндіру блогын жаңғырту аяқталады. Бұл өндіріс қуатын жылына 400 мың тоннадан 450 мың тоннаға дейін ұлғайтады. Бұдан бөлек, Түркістан облысында жеке инвесторлармен мұнай өңдеу зауыттарын салу бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Оларды 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр, — деді министр.