Ұлттық банк: Қазақстанның экономикалық өсімі баяулады

2015 жылдың қаңтар-қарашасында тау-кен өндіру саласындағы өндіріс көлемдері мен көлік саласындағы жүк айналымының азаюы есебінен экономикалық өсудің қарқыны төмендеді.

Сондай-ақ, импорт пен экспорттың төмендеуі сыртқы сауда айналымының қысқаруына себепші болды.

2015 жылдың қаңтар-қазанында сыртқы сауда айналымы 36,9%-ға төмендеді (экспорт 42,9%-ға, импорт — 24,9%-ға төмендеді). 2015жылдың қазанында (2014 жылды қазанымен салыстырғанда) сыртқы сауда айналымы 42,0%-ға төмендеді (экспорт 46,5%-ға, импорт 34,0%-ға қысқарды).

Экспорттың құрылымында минералды өнімдер (2015жылдың қаңтар-қазаны-72,5%), импортта — машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар және аппараттар (40,4%) басымдыққа ие.

2015 жылы қаңтар-қазан айында экспорт ЕЭО елдерімен 2014 жылдың  тиісті кезеңімен салыстырғанда 30,1%-ға қысқарды, импорт – 24,9%-ға төмендеді.

Дереккөз7kun.kz