Басты бетМедицинаCOVID-19: Қазақстанда...

COVID-19: Қазақстанда 500-ге жуық науқастың жағдайы ауыр

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

30 қарашадағы мәлімет бойынша, 26 472 адам коронавирус инфекциясынан (–22 895+ және 3 577 КВИ-) емделіп жатыр: оның ішінде 5 623 пациент стационарда, 20 849 науқас амбулатория деңгейінде.

Коронавирус пен пневмония жұқтырған 53 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 28 қараша күні коронавирустан 18, коронавирус пневмониясынан тоғыз адам қайтыс болған, — делінген хабарламада.

Статистика

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күннен-күнге айтарлықтай азайып келеді. Өткен тәулікте 654 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.