Басты бетҚоғамБиыл мал ұрлаумен айналысқан 112 қылмыстық топ ұсталды

Биыл мал ұрлаумен айналысқан 112 қылмыстық топ ұсталды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.

Жыл басынан бері полиция 800-ден астам мал ұрлығын, оның ішінде 112 қылмыстық топты ұстады. Ұрланған 7 мың малдың 4 мыңға жуығы табылып, қайтарылды. Мәселен, Павлодар облысында құрамында 15 адам бар қылмыстық топ анықталып, 18 мал ұрлығының жасалғаны дәлелденді. Олар аптасына бір рет шаруа қожалығынан 1-2 бастан ірі қара малды ұрлап, содан кейін демалыс күндері Екібастұз базарларында ет сатқан, — деді Нұрділдә Ораз.

Оның айтуынша, Ақмола облысында жайылымдарда жүрген малды атып, Нұр-Сұлтан базарларында ет сатқан топ ұсталды.

Жалпы қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде кейінгі 5 жылда мал ұрлығының саны 38,5% төмендеді. Егер 2016 жылы осындай 7 мыңнан астам қылмыс тіркелген болса, 2020 жылы 2 мыңнан аспайды. Осыған ұқсас үрдіс биыл да сақталып отыр, онда мал ұрлығының саны 18% азайды, — деді ол.

Нұрділдә Ораз малды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін Ішкі істер министрлігі мал иелеріне қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынатынын айтты.

Атап айтқанда:

  • малды қараусыз қалдырмау, меншік иесі, әкімдік және бақташы арасында үшжақты шарт жасасу.
  • GPS-трекерлерді орната отырып, асыл тұқымды малды бақылаудың заманауи әдістерін қолдану.
  • малды таңбалау және бирка салу міндетті болып табылады, бұл оны іздеуге, сондай-ақ мал иелерінің дауларын шешуге көмектеседі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да