«Жеті қазына» коллекция монеталары сатылымға шығады

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылдың 30 қарашасынан бастап «Дала қазынасы» сериясымен шыққан JETI QAZYNA коллекция монеталарының сатыла бастайтынын хабарлаймыз, — делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Номиналы 500 теңгелік монеталар мен блистерлік жинақ kazcoins.nationalbank.kz платформасында Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.

500 теңгелік монеталар алтыннан және күмістен дайындалған.

Бұл монеталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстанның бүкіл аумағында, олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазылуға және аударылуға міндетті, Қазақстан банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Айналымдағы JETI QAZYNA коллекция монеталары Қазақстан теңге сарайында дайындалған.