Басты бетҚоғамҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияға барды

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Женевада Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның федералдық президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылмақ, — деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.

Сонымен бірге президент сапар бағдарламасы бойынша мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясында сөз сөйлейді, БҰҰ-ның және басқа да бірқатар халықаралық ұйымның басшылығымен келіссөз жүргізеді, инвестициялық дөңгелек үстелге қатысады және еуропалық бизнес капитандарымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Берік Уәли (@berikuali)