Известия порталының хабарына қарағанда, артист жексенбі күні, 28 қарашада 72 жасында өмірден өткен.
Александр Градский 26 қарашада шұғыл түрде Мәскеу ауруханасына жеткізілді. Ол үйде болған кезде денсаулығының нашарлығына шағымданғаны хабарланды.
Александр Градский — Ресей әншісі, композитор. 1997 жылы ол Ресейдің еңбек сіңірген артисі атағын алды, ал екі жылдан кейін ол Ресей Федерациясының халық артисі болды.
Композитор өмірінің соңғы жылдары «Голос» шоуында тәлімгер болды.
Еске салайық, кеше Александр Градскийдің тобындағы Қазақстан әншісі Әлішер Кәрімов «Голос» шоуының келесі кезеңіне өткен еді.