Бұл туралы Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Із-түзсіз кеткен геологтар бүгін сағат 14.50-де байланысқа шыққан. Олар қыстақтан табылды.
Жоғалған геологтар «Қисықсай» қыстағынан аман-есен табылды. Жағдайлары жақсы, медицина көмегі қажет болмады. Қазіргі уақытта табылған 4 геолог Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылына жеткізілді, — деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 26 қарашадан бастап геологтарға іздеу жарияланды. Олар 25 қараша күні байланысқа шығып, кейін хабар-ошарсыз қалған.
Құрамында 33 адам және 8 бірлік техникадан тұратын 5 іздеу тобы жұмылдырылды. Ал бүгін авиа іздеу үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» АҚ-ның еврокоптері ұшып, Ақтөбе-Құмсай-Қайрақты-Қайыңды-Милысай-Аралтоғай маңын шолып өтті.