Басты бетҚоғамЖолайрық, Абай...

Жолайрық, Абай даңғылы, метро, БРТ: Алматы әкімі құрылыс қарқынын тексерді

Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында көлік жолайрығының құрылысы аяқталып қалды. Рысқұлов даңғылы арқылы өтетін эстакадада жол жабынын орнатуға дайындық жүргізіліп, жақын орналасқан аумақ абаттандырылып жатыр.

Эстакаданың ұзындығы – 186 метр. Бұған дейін жеке бүйірлі съездер бойынша көлік қозғалысы ашылған болатын. Жолайрығы Рысқұлов даңғылы бойынша көлік өткізу қабілетін тәулігіне 80 мың автомобильге дейін, Емцов көшесі бойынша – 40 мыңға дейін арттырады.

Сонымен бірге Алматы әкімі Бауыржан Момышұлы көшесінен Наурызбай ауданының әкімшілік орталығына дейінгі ұзындығы 3,5 шақырым учаскенің құрылысы аяқталып қалған Абай даңғылын ұзартудың барысымен танысты.

Әр бағытта қозғалыс үшін 3 жолақ қарастырылған. Әшімов көшесінің үстінен 400 метрлік эстакада салу жалғасып жатыр. Бұл учаскедегі қозғалыс уақытша сызба бойынша ұйымдастырылады.

Құрылыс, жол
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев сонымен бірге аралық тоннельдерден және «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» екі станциядан тұратын метрополитеннің екінші іске қосу кешені объектілерінің құрылыс барысымен танысты.

Мұнда әрлеу жұмыстары аяқталды. Қазір жабдықтар орнатылып, электромонтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Метро
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мегаполис әкімі сонымен бірге Жандосов көшесіндегі БРТ желісі бойынша көше-жол желісін реконструкциялау жұмыстарының ауқымын бағалады.

Сүлейменов көшесінен Үлкен Алматы өзеніне дейінгі учаскенің ұзындығы 1 шақырым. Осылайша, Мұстафин — Сүлейменов — Жандосов — Тимирязев көшелерімен Желтоқсан көшесіне дейін ұзындығы 8,7 шақырым БРТ желісінің бірінші учаскесінің құрылысы аяқталады.

Жұмыс сапары кезінде Бақытжан Сағынтаев Қалқаман-2 шағын ауданындағы 1 800 орынды мектеп құрылысының барысымен танысты. Құрылысты аяқтау ағымдағы жылдың соңына жоспарланған.

Мектеп, құрылыс
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)