Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік сапары аясында Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен кездесулер өткізеді деп жоспарланған.
Бүгін Қазақстан президенті Бельгия королі Филиппен жүздесіп, премьер-министр Александр Де Кроомен және Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишельмен келіссөздер жүргізеді, — деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.
Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен кездеседі, сонымен бірге еуропалық ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.