Cыбайлас жемқорлық туралы хабарлама үшін алматылықтарға 1,2 миллион теңге төленді

Сall-орталықтың операторлары тәулік бойы сыбайлас жемқорлық туралы хабарламаларға және бизнеске жасалған қысымға жауап береді, шағымдарды, пікірлерді қабылдайды, консультациялық көмек көрсетеді.

10 ай ішінде 1424 сall-орталығына  63 өтініш келіп түсті, оның 30-ы «Ақпаратты есепке алу кітабында» тіркелді. Олар бойынша қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы аясында жұмыс жүргізіліп жатыр.

Биыл біз Департаментке 2 мыңнан астам өтінішті тіркедік. Көбінесе өтініш берушілер қаланың нақты құрылысына, қоршаған ортаның ластануына, білім беру және денсаулық сақтау салаларында қызмет көрсетуге наразы. Бизнестің бақылаушы органдардың әрекетіне де шағымдар жиілеп кетті, — деп Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат 10 айдағы жұмыс қорытындысы бойынша өткен брифингіде.

Сондай-ақ, спикер Алматы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын іске асыру бойынша жұмысты тұрақты негізде жүзеге асыратынын атап өтті.

Мысалы, биыл сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған 6 адам 1,2 миллион теңге сомасына ынталандырылды.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған, оған өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі пәрменді тетік болып табылады.

Сыйақы сомасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты және 30-дан 100 АЕК-ке дейін түрленеді.