Алматыда сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін 9 басшы жауапкершілікке тартылды

Ағымдағы жылы 89 қылмыс тіркелді, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 69 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 9-ы бірінші басшы.

Өздеріңіз білетіндей, заңнамалық деңгейде Бірінші басшылардың жауапкершілігі енгізілді. Саяси мемлекеттік қызметшілер, ал бұл министрлер мен олардың орынбасарлары, облыс әкімдері мен әкімдерінің орынбасарлары, аудан әкімдері — олардың тікелей бағыныстылары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда отставкаға кетуге міндетті, — деп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат атап өтті.

Спикердің айтуынша, бірінші басшы соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін немесе оның тікелей бағынышына қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде отставкаға кетуге міндетті.

Сондай-ақ, ол басшының ұжымдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі өз міндетін жүйелі түрде елемеу өзі басқаратын мемлекеттік органда немесе бөлімшеде сыбайлас жемқорлық тұрғысынан қолайсыз жағдайға алып келетінін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мән мәтінінде мемлекеттік органдар басшыларының және өзге де лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігін көздейтін Кодекстің 680-бабы жоғарыда көрсетілген лауазымды адамдарға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, бұл шамамен 300 мың теңге, — деді Данияр Таумұрат.