Басты бетҚоғамKEGOC басшысы...

KEGOC басшысы Бақытжан Қажиев отставкаға кетті

Компанияның баспасөз қызметі Бақытжан Қажиевтің басқарма төрағасы қызметтен өз еркімен кеткенін хабарлады.

KEGOC акционерлік қоғамының акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен KEGOC акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып Қаныш Молдабаев үш жыл мерзімге тағайындалды, оның KEGOC акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы ретіндегі өкілеттігі де мерзімінен бұрын тоқтатылды, — делінген хабарламада.

KEGOC акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы болып Сүйіншілік Тиесов сайланды.

Сонымен бірге Ернат Бердіғұловты «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мүдделерінің өкілі ретінде KEGOC акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлау туралы шешім қабылданды.

Сүйіншілік Тиесов пен Ернат Бердіғұловтың өкілеттік мерзімі жалпы KEGOC акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге белгіленген.