Ведомство басшысының айтуынша, «Серпін» бағдарламасына бөлінген білім граттары игерілмей қалған.
Былтырғы оқу жылында 3,5 мыңға жуық грант игерілмеді. Ол гранттар нақты «Серпін» бағдарламасы бойынша бөлінген. Жалпы конкурска берілген мемлекеттік гранттар толығымен игерілді деп айтуға болады, — деді министр.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алдағы оқу жылында ең көп грант бөлінетін мамандықтарды атады.
Бізде қазіргі уақытта келесі оқу жылы бойынша да тиісті бұйрық бар, сол бұйрықта нақты қай бағыттарға, нақты қай білім беру бағдарламаларына қанша орын бөлінгені туралы ақпарат бар. Нақты айтсақ, ең көп бөлінетін педагогика бағыты, екіншіден екі өсе көбейген IT бағыты, былтыр бұл бағытқа 9 мыңнан астам грант бөлінді, — деді ведомство басшысы.
Министрдің айтуынша, сонымен бірге техникалық мамандықтарға да мемлекеттік білім гранты көп бөлініп келеді.
Техникалық білім бағыттары бойынша да көп грант бөлініп жатыр. Осы үш бағытқа грант көп бөлінеді, — деді Асхат Аймағамбетов Орталық коммууникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Асхат Аймағамбетов білім гранттары қалай бөлінетін де айтты.
Негізінде осы гранттарды министрлік өзі ойдан олап тауып бөлмейді, нақты әдістеме бар. Оған тиісті мекемелерден, атап айтсақ бізге «Атамекен» палатасынан, жұмыс берушілерден, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпарат береді. Сондықтан нарықта қажеттілігі бар, сол қажеттілікке сәйкес тізім дайындалады. Нарықтың қажеттілігіне сәйкес осы гранттар әртүрлі университеттерге беріледі. Осы үш бағыт бұның алдыңғы жылдары да көп бөлінді, келесі жылы да осы тренд жалғасады, — деді министр.