Басты бетМедицинаҚазақстан мен...

Қазақстан мен Армения вакцина паспорттарын өзара тану туралы келісті

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтарын белгілеп, вакциналау паспорттарын өзара тану туралы жариялады.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Армения Қазақстанда вакцинация паспорты танылған 17-ші мемлекет болды.

Қазақстан аумағында мына елдерде берілген азаматтардың КВИ-ға қарсы вакциналау паспорттары/сертификаттары/анықтамалары жарамды деп танылсын: Аргентина Республикасы, Венгрия, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Иордания, Қырғыз Республикасы, Мальдив Республикасы, Моңғолия, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Перу Республикасы, Сан-Марино республикасы, Сербия, Тунис Республикасы, Үндістан Республикасы, Филиппин Республикасы, Таиланд, Түркия Республикасы, Эстония Республикасы, — делінген елдің бас санитар дәрігердің қаулысында.

Сонымен бірге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің медициналық қолдануға арналған стратегиялық маңызды дәрілік препараттармен және фармацевтикалық субстанциялармен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары талқыланды.