Басты бетҚоғамМинистр жаңажылдық...

Министр жаңажылдық ұжымдық кештерді өткізу туралы айтты

Әр өңірдің эпидемиология жағдайына байланысты ұйымдардағы, қоғамдық тамақтану орындарындағы немесе концерттердегі адам санына белгілі талаптар қойылады. Облыстың бас санитар дәрігері аймақтың «сары», «қызыл», «жасыл» болғанына қарай орын санын анықтайды, — деді Алексей Цой.

Ведомство басшысының айтуынша, шешімді облыс пен республикалық маңызы бар үш қаланың бас санитар дәрігері шығарады.

Еске салайық, бұған дейін Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңажылдық мерекелік кештер мен шыршаларға қатысты сауалға жауап берген еді.