Жамбыл облысындағы әскери бөлімде офицер суицид жасады

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 22 қарашада Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері А. өзіне қол жұмсады. Қайтыс болған жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Ведомствоның хабарлауынша, тергеу мүддесі мен туыстарының өтінішіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Тағы оқыңызы:

«40 секунд — бір өлім». Дүниежүзіндегі суицид проблемасына шолу

Психоаналитик: Суицидтің себебі — түңілу, күйзеліс, агрессия