Білім беру технологияларымен танымал EdCrunch конференциясы алғаш рет Алматыда өтеді

8 жыл бұрын құрылған конференция ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Алматыда өтпек. Іс-шараға Мәскеу, Тель-Авив пен Сингапурдегі жергілікті онлайн-студиялардың спикерлері қосылады. Өткен жылы гибридті (офлайн және онлайн) форматта өткізілген конференцияға 14 000-нан астам адам қатысты. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының өкілдері үшін қатысу әдеттегідей тегін болады.

Конференция бағдарламасы бес бөлімнен тұрады: ерте балалық шақ, 21 ғасыр мектебі, цифрлы университет, корпоративті оқыту және EdTech.

2021 жылдың басты тақырыбы – «Жаңа білім беру тәжірибесін жобалау» (Learning experience design). 25 елден келген 300-ден астам спикерлер 150 сараптамалық сессия, панельдік пікірталас және шеберлік сыныптарын өткізеді. Олар педагогикалық дизайн саласындағы озық тәжірибелерімен бөліседі, бірегей идеялар мен жаңалықтарды кең аудиторияға жеткізу үшін білім беру саласының болашағы мен жаңа технологиялардың, оқыту саласындағы ғылыми жетістіктердің әсерін талқылайтын болады:

  • Пало-Альто орта мектебіндегі медиаөнер бағдарламасының негізін қалаушы, «Табысты адамды қалай тәрбиелеу керек» әлемдік бестселлерінің авторы, Google кеңесшісі, үш қыздың анасы (олардың екеуі Youtube және 23andMe жеке геномика компанияларының бас директорлары, ал үшіншісі – танымал педиатр-дәрігер) Эстер Войджицки баланы кішкентай кезінен жетістікке қалай жетелеуге болатындығы туралы кеңес береді. Ол өзінің педагогикалық тәсілін беске бөліп қарастырады: өз-өзіне сену, өз-өзін құрметтеу, дербестік, ынтымақтастық, ақжүректік.
  • Нью-Йорк университетінің нейрондық ғылымдар және психология профессоры, «Миға ғашық болған қыз» бестселлерінің авторы, әлемге әйгілі нейробиолог, «Оңтайлы мазасыздық» кітабының авторы Венди Сузуки жағымсыз эмоциялардың күшті жақтарын қалай қолдану керектігін талқылайды және мазасыз сезімдерді қалай өнімділікке өзгертуге болатындығын түсіндіреді. Сонымен қатар, тамақтану мен физикалық белсенділік, жас пен жыныстық қатынас, әлеуметтік желі мен технологиялардың мидың жұмысына қалай әсер ететінін талқылайды.
  • Білім беру саласындағы әлемге әйгілі сарапшы, Гарвард университеті жанындағы инновациялық білім беру бағдарламалары орталығының ғылыми қызметкері, «Инноваторларды жасау: әлемді өзгертетін жастарды қалай тәрбиелеу керек» бестселлерінің авторы, «Табысқа жетеленгендер» және «Финляндия феномені: әлемдегі ең ғажайып мектеп жүйесі» атты танымал деректі фильмдердің авторы Тони Вагнер инноваторлар буынын қалай тәрбиелеу керектігін айтып береді. 2021 жылы ол Better World Ed атты дүниежүзілік әлеуметтік-эмоционалды даму бастамасы және оқу жоспарына қосылды.
  • LX Design пионері, «білім беру тәжірибесін жобалау» терминінің авторы, LXD Canvas конференциясының бағдарламалық директоры Нилс Флора сандық білім беру саласы үшін оның мәні мен маңыздылығын ашады.

Конференцияның бағдарламалық директоры және «МИСиС» ҒЗТУ орталығының директоры Нурлан Киясовтың айтуынша, EdCrunch мақсаты тиімді оқыту арқылы әркімге өзін-өзі дамытуға қолдау көрсету.

Біз мұғалімдер мен саясаткерлерден бастап, көрнекті зерттеушілер мен бағдарламашыларға дейінгі әлемнің үздік сарапшыларын бірегей идеялары мен жаңалықтарын кең аудиторияға жеткізуге шақырамыз. Ең керемет идеялар университет қабырғасымен, сынып аясымен немесе кітап сөрелерімен ғана шектеліп қалмауы керек. Оларды қолдап, бөлісіп, талқылап және қабылдау мен дамыту қажет. Инвесторлар мен құрылтайшылар, саясаткерлр мен филантроптар, оқытушылар, студенттер және білім беру тәжірибесіне қызығушылық танытқандар EdCrunch Glocal-да болуы керек, — деді ол.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар әртүрлі салаларда практикалық тәжірибе алып, келесі сұрақтарға жауап таба алады: мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ерте даму әдістемесін қалай таңдау керек, олардың алуан түрлілігінде қалай шатасып кетпеуге болады; сандық технологияларды бағындыру жолдары мен гаджеттерді балалар қабілеттерінің акселераторына айналдыру; EdTech компанияларының сапаны жоғалтпастан бизнесті масштабтауы; мектеп жасына дейінгі балалардан бастап, үздіксіз білім деңгейіне дейінгі жобаларға инвестиция тарту және оларды әртүрлі білім беру жүйелеріне тиімді енгізу жолдары.

Сондай-ақ, спикерлер келесі тақырыптарды талқылайтын болады: дауыстық көмекшілерден бастап, жасанды интеллектке дейінгі білім берудегі жаңа технологиялардың әлеуеті; постковидтік кезеңдегі мектеп білімінің революциялық форматтары; нейробиологияны максималды тиімділіктің негізі ретінде қарастыру; медиа, ойын-сауық, спорт салаларындағы білім беру кеңестері мен EdTech-тегі жаһандық және жергілікті трендтер.

EdCrunch Glocal шарасының ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Алматы қаласының әкімдігі, Назарбаев Зияткерлік мектептері. Бас серіктестер – «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры, «Алматыкітап баспасы» және «Сәби» Қайырымдылық қоры.

Тіркелу және қосымша ақпарат: edcrunch.online

EdCrunch

Бірінші EdCrunch конференциясы 2014 жылы Мәскеуде «МИСиС» ҰЗТУ-дың қолдауымен өтті. Хедлайнері Coursera негізін қалаушы Дафна Коллер болды. Іс-шараға 1 500 адам қатысты. Бірінші конференцияның күн тәртібі цифрлық технологиялар мен жоғары білім берудегі жаңа тәсілдерге баса назар аударды. Келесі жылдары EdCrunch білім берудің басқа да деңгейлерін (мектепке дейінгі, мектеп, жоғары, корпоративті және EdTech стартаптарына арналған бағытта) ауқымды қамтыды. Бүгінде Конференция аралас форматта: көзбе-көз және әлемнің бірнеше елінің онлайн-студияларының қосылуымен өтеді.

EdCrunch интерактивті платформасы

Пандемия жағдайында арнайы әзірленген EdCrunch интерактивті платформасы сессияларды параллель арналарда қарауға, жеке ыңғайлы кестені құрастыруға, тиісті сессиялардың ұсынымдарын және пайдаланушының профиліндегі ақпарат негізінде қатысушылар байланысын алуға мүмкіндік береді.

Барлық қатысушы спикерлерге сөйлеу кезінде және одан кейін сұрақтар қоя алады, басқа пайдаланушылармен жеке және ортақ чаттарда хат алмасып, EdTech өнімдерімен және олардың әзірлеушілерімен EdCrunch Expo виртуалды көрмесі арқылы таныса алады. Платформада белсенділік танытқаны үшін қатысушылар ұпай жинап сыйлықтар ұтып ала алады.

Аккредитация жәнесұхбатүшін медиа байланыстар:

Анна Малышева, [email protected],  +7 915 391 33 21

Альмира Марден, [email protected], +7 705 888 93 98