Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Трагедия «Жетісу» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. 28 жастағы әйел 2015, 2016 және 2019 жылғы балаларымен бірге 9-шы қабаттан секіріп кетті.
Келіншек пен екі бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды, — делінген хабарламада.
Оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін Алматының полиция департаментінде жедел тергеу тобы құрылды.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.