Басты бетҚоғамҚазақстан шекарасын...

Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен Египет азаматтары ұсталды

Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

17 қарашада Петропавл стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Алматы-Петропавл» бағытындағы жолаушылар пойызының жолаушыларын тексерді. Осыдан кейін екі ер адам полиция бөлмесіне жеткізілді.

Тексеріс барысында олар 21 және 28 жастағы Египет азаматтары екені анықталды. Шетелдіктер Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен.

Бұл факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.

Қылмыстық кодекстің 392-бабы 1-тармағы «Қазақстанның мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша тергеу жүріп жатыр.