Басты бетҚоғамАлматы облысында...

Алматы облысында су қойманың бөгеті жарылды

Бөгет 21 қарашада сағат 23.13-те жарылды. Бөгеттегі ойықтың ені 5-6 метр, секундына шамамен 30 текше метр су ағып жатыр.

Су Қарғалы өзенінің арнасына құйылып, одан әрі Іле ауданындағы Куртинское су қоймасына құяды.

Бөгеттің жарылуы салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сонымен бірге тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Облыстық маңызы бар «Мыңбаев-Қасымбек» тас жолын су шайып кетті. Полиция қызметкерлері жолдағы қозғалысты шектеу үшін бекеттер қойды, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аққан судың көлемі төмендеп, Қарғалы өзенінің арнасы бойынша бақылау жүргізіліп жатыр.

Су, бөгет
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Апат орнына Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, төтенше жағдайлар бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және басқа да мүдделі қызметтер жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайды жою штабы құрылды.