Түркістан облысында өзеннен нәрестенің мәйіті табылды

Полиция сол жерге барып, жақын маңдағы аумақты тексерген. Куәгерлермен сұхбат жүргізген.

Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бір тәулік ішінде нәрестені суға тастаған күдіктінің жеке басы анықталды.

Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Аталған фактіні полицейлер Қылмыстық кодекстің 100-бабы «Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» бойынша тіркеді. Тиісті сараптама тағайындалды.

Полицияның хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.