Жекпе-жек Лас-Вегастағы бокс кешінде өтті. Қос спортшының айқасы он раундқа есептелген.
Үшінші раундта қазақстандық бірнеше соққыдан кейін экс-чемпионды нокдаунға түсірді. Бірақ Хассан Н’Дам жекпе-жекті жалғастырды. Осыдан кейін Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын соққының астына алды. Сегізінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, отандасымыз жеңіске жетті.
Бірде бір рет жеңілмеген қазақстандық кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал 38 жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған Н’Дам бұл жолы алтыншы мәрте жеңіліске ұшырады.
Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы өзінің WBO Global белдігін қорғап қалды. Сонымен бірге ол WBC Continental титулына ие.
Еске салайық, бокс кешінің басты оқиғасы америкалықтар Теренс Кроуфорд (37-0, 28 КО) пен Шон Портер 31-3-1, 17 КО) арасындағы жекпе-жек болады.