Басты бет Жаңалықтар Бір айда қазақ тілін меңгерген адам ЭКСПО-ға билет ұтып алады

Бір айда қазақ тілін меңгерген адам ЭКСПО-ға билет ұтып алады

Павлодарлық тұрғындар бір ай ішінде қазақ тілін меңгеру арқылы Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне билет ұтып ала алады.

«Серпін-2050» студенттерінің Павлодардағы бөлім басшысы Дарын Тәжібаевтың айтуынша, студенттер «Қазақстандық арман» атты қоғамдық бірлестік құрып, Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатымен бірігіп, «Қазақша сөйлеу оңай» атты жоба бастаған.

«Ережесі қарапайым: бір қазақ тілін білетін студент қарамағына тіл үйренгісі келетін кез келген ұлт өкілін алады да, бір ай бойы тіл үйретеді. Жас мөлшеріне шектеу жоқ: оқушыдан бастап — қарияларға дейін қатысуға болады»,-деді Дарын Тәжібаев.

Қазіргі таңда осындай 15 жұп жиналған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version