Қазақстандықтар желтоқсан мен қаңтарда қанша күн демалады?

Желтоқсанда екі мереке бар – Тұңғыш президент күні және Тәуелсіздік күні.

Тұңғыш президент күні 1 желтоқсанда тойланады, ол сәрсенбіге сәйкес келіп тұр. Бұл күні ел тұрғындары алғашқы демалыс күнін өткізеді.

Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсанда атап өтіледі. Бұл күндер бейсенбі, жұма күндеріне сәйкес келіп тұрғандықтар қазақстандықтар қатарынан төрт күн демалады.

31 желтоқсан қазақстандықтардың көпшілігі үшін жұмыс күні. Жылдың соңғы күні жұмаға сәйкес келеді. Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтар үшін 4 күн қатарынан — 1, 2, 3 және 4 қаңтар демалыс болады.

Рождество, 7 қаңтар, жұмаға сәйкес келеді, сондықтан демалыс күндері үш күнге созылады.