Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді

Фото Берік Уәлидің Facebook-парақшасынан алынды

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында еліміздің қаржы секторының өкілдерімен кездесу өткізеді.

Бұдан кейін президент бірқатар әлеуметтік, білім беру мекемелерін және басқа да нысандарды аралап көреді, сондай-ақ қаладағы жылу электр орталықтарының біріне жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысады деп жоспарланған, — деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы қазаннан бастап Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарына барды.

Exit mobile version