Жуырда зардап шеккен адамның туыстары әлеуметтік желі арқылы жол апатының куәгерлерін іздеді.
Әжемізді Розыбакиев пен Қабанбай батыр көшесінде көлік қағып кеткен. Оқиға сейсенбі, 16 қарашада болған. Әжемізді қағып, көлігіне отырғызған, әрі қарай бір аулада қалдырып кеткен. Оның үйге қалай жеткенін білмейміз. Жедел жәрдем шақырдық, оны ауруханаға алып кетті. Басын жарақаттаған. Аяғы, қабырғасы мен сан сүйегі сынған, — делінген жазбада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматының полиция департаменті көлік жүргізушінің жаяу жүргіншіні қағып, жол апат орнынан кеткені үшін жауапқа тартылғанын хабарлады.
Алматы Палиция департаменті жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімінің қызметкерлері жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткен, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалған жүргізушіні тапты. Ол жасаған қылмыстары үшін жауапқа тартылады. Бұл факт оқиға болған күні, 16 қарашада тіркелді, — делінген хабарламада.
Полиция мәліметінше, оқиға сағат 17.00-18.00 аралығында болған. Іс Алмалы ауданы полиция басқармасында қаралады.