Ақорданың хабарлауынша, мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екіжақты күн тәртібіндегі барлық бағыт бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға, инвестициялық ықпалдастықты нығайтуға, сонымен бірге өнеркәсіп, машина жасау, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға басымдық берілді.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көпжақты қатынастарға тың серпін беру мақсатында тараптар президент Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапарын жыл соңына дейін ұйымдастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.
Осыған байланысты екі елдің үкіметтеріне алдағы келіссөздердің жоғары деңгейде жүргізілуін қамтамасыз етуге тапсырма берілді.