Бірінші мәселе Қазақстан экономикасына пандемияның күрделі кезеңін еңсеруге және пандемияға дейінгі көрсеткіштерді қалпына келтіруге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар кешеніне қатысты болды. Сонымен бірге қазір азық-түлік тауарларының бағаның өсуі байқалады. Премьер-министр атап өткендей, бұл жалпы әлемдік үрдіс: Ресейде бес жылдық максимумға — 8,1%, АҚШ-та 30 жылдық максимумға, Еуропада 15 жылдық максимумға жетіп отыр. Қазақстан Үкіметі мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инфляция деңгейін 8,9% деңгейінде ұстап отыр.
Кездесу барысында премьер-министр сондай-ақ жұмыссыздық деңгейі 4,9% шегінде сақталатынын хабарлады. Карантин шаралары да еңбек нарығына әсерін тигізді.
Тиісінше, жұмыссыздық деңгейін ұстап тұру үшін индустрияландыру қажет, ол премьер-министр айтқандай, экономиканы әртараптандырудың маңызды факторы болып табылады. Биыл алғаш рет өңдеу секторының көлемі тау-кен өндіру саласының көрсеткіштерінен асып түсті, — деп санайды «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Ләззат Нұрқатова.
Экономикалық жағдаймен қатар, білім беру саласында мектептердегі орын санының жетіспеушілігі өткір проблема болып отыр. Бүгінгі таңда орын тапшылығының деңгейі 225 мыңды құрайды. Асқар Мамин мәлімдегендей, алдағы 5 жылда жылына 200 мектеп салу жоспарланған.
Журналистермен кездесуде Үкімет басшысы биыл салынған 300 мектептің 160-ы жеке қаражатқа салынғанын айтты. Осылайша, Министрлер кабинеті осы бағыттағы нақты қадамдар арқылы алдағы жылдары осы өзекті әлеуметтік мәселені шешуі тиіс, — деді ҚҚДИ сарапшысы Ерлан Медеубаев.
БАҚ-пен кездесуде премьер-министр жалақының өсуін ескере отырып, мұғалім мамандығының беделі күннен күнге артып келе жатқанын атап өтті. Отбасы институтын зерттеу орталығының басшысы Айгүл Рақышеваның айтуынша, қазір оқу орындарында білім беру сапасын арттырудың басым міндеті тұр.
Мұғалімдердің еңбегін ынталандыру және олардың мәртебесін көтеру, білім беру ортасын дамыту осыған ықпал етеді, — деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, министрлер кабинетінің басшысы экономиканың өсуіне байланысты өндірілетін электр энергиясының көлемін арттыру қажеттігіне де жеке тоқталды. Мәселен, жаңартылатын энергия көздері мен газ генерациясы кіретін жаңа қуаттардың көрсеткішін 15,5 мың МВт-қа дейін өсіру қажет. Қоғамдық даму институтының сарапшысы Қазбек Майгелдинов қазақстандық энергетикалық жүйе мүмкіндіктері ел халқын электр энергиясымен толық қамтамасыз ете алады деп есептейді.
Менің ойымша, бұл мәлімдеме Ел Президентінің көзқарасы мен билеуші партияның бағдарламасына сәйкес келеді. Осылайша, жалпы энергия теңгерімі құрылымында ЖЭК өсімі 3% — ға жетті. Сондай – ақ, NurOtan партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2025 жылға қарай экологиялық таза энергия көлемін 2 есеге — 3000 МВт-қа дейін арттыру жоспарланып отыр, — деді Қазбек Майгелдинов.
Ел халқының үштен бірінің өмір сүру сапасына қатысты тағы бір маңызды мәселе, бұл ауылдарды, кенттер мен ауылдық мекендерді дамыту. Елбасының бастамасымен 2019 жылы қабылданған «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы ауылдық жердегі инфрақұрылымды дамытуға және ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға жаңа серпін берді.
Бұл туралы Үкімет басшысының өз сөзінде айтқан сандар да көрсетіп тұр. Осылайша, ауыл халқының саны 9,7 млн-нан 11,2 миллион адамға дейін өсті және ең бастысы, менің ойымша, ауылдық инфрақұрылымды дамытудың арқасында шалғай мекендердегі бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалып жатыр, — дейді ҚҚДИ сарапшысы Серік Молдағалиев.
Жалпы, институт сарапшылары қазіргі уақытта әлемдік пандемияға байланысты қазақстандықтар жаһандық сын-тегеуріндерге тап болғанын, сондықтан премьер-министрмен кездесуде көтерілген мәселелер халықты толғандыратын мәселелер екенін атап өтті.
Сараланған жауаптарға қарағанда, Министрлер Кабинеті халықтың хал-ахуалын назарда ұстап отыр және қалыптасып отқан мәселелермен жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Қазақстандықтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі басты назарда, — деп қорытындылады қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшылары.