Президенттің айтуынша, мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындарындағы қауіпсіздік жүйесіне біріңғай талап қойылуы қажет.
Кез келген адамның бәсекеге қабілеті оның білім деңгейіне тікелей байланысты. Әрбір азаматтың өмір бойына сапалы білім алуына қажет жағдай жасау — мемлекеттің міндеті. Мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында қауіпсіздікті сақтау өзекті мәселе болып тұр. Біз оқушылар мен студенттерді кез-келген қауіп-қатерден қорғауға тиіспіз. Білім беру мекемелеріндегі қауіспсіздік жүйесіне біріңғай талап қойылуы қажет. Сол үшін бәріне ортақ ереже әзірлеу керек, — деді Қасым-Жомар Тоқаев.
Мемлекет басшысы қазір оқу орындары күзет агентігімен бір жылға келісімшартқа отыратынын, әдетте оны жылдың басында жасайтынын айтты.
Бұл оқу жылының ортасы деген сөз. Мұндай келісімшарттарды ұзағырақ уақытқа, мысалы үш жылға жасаған тиімді болар еді. Оған рұқсат беру үшін заңнамаға өзгеріс енгізу қажет. Сондай-ақ, оқушыларға, мұғалімдер мен ата-аналарға төтенше жағдай кезінде не істеу өажеттігін үйреткен жөн. Қатерлі сәтте әрбір адам дұрыс әрі шұғыл әрекет жасай білуге тиіс. Сонда ол өзін ғана емес, өзгені де құтқара алады, — деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев жиында мектептердегі орын тапшылығы өте өзекті мәселе екенін, тұрғын үй алаптары салынған кезде қасында міндетті түрде мектеп пен балабақша салу керегін айтты.
Мен биылғы жолдауымда 2025 жылдың соңына дейін 1 000 мектеп салу туралы тапсырма берді. Бұл маңызды міндеттің бірі. Жауапты мемлекетік органдардың жұмысы осы тапсырманы сапалы әрі тиімді орындауына қарай бағаланады. Қазір мектеп салу үшін жер телімін алу айтарлықтай қиындық туғызатын болды. Өңір әкімдеріне барлық мектепке жер телімін алдын-ала бөлуді тапсырамын. Елді-мекеннің жоспарын жасап тұрғын үй салған кезде, әлеуметтік нысанның болу қажеттігі ескерілуге тиіс. Бұл заңнамада көрсетілген талап. Бірақ жергілікті атқарушы органдар белгіленген талапты орындай бермейді. Тағы да қайталап айтамын, тұрғын үй алаптары бой көтерген кезде онымен бірге міндетті түрде мектеп пен балабақша салынуы керек. Үкіметке заңның сақталуын қатаң бақылауды тапсырамын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, сонымен бірге әр сыныптағы бала саны стандарттан аспау керек, мектеп салуға бөлінген қаржының талан-таражға түсуіне жол бермеу қажет.
Әр сынаптағы бала саны шектен тыс көп. Негізі, бір сыныптағы балалардың саны 25-тен аспауы керек. Осы стандарттың сақталуын қаматамасыз етуге тиіспіз. Сонымен бірге мектептердің үлгілік жобасын әзірлеуді тапсырамын. Мектептің жылпы көлемі мен дизайны орын санына байланысты анықталуыға тиіс. Мектеп 2,5 мың балаға арналса соған орай инфрақұрылым да болуы керек. Онда спорт залдары, асханалар, зертхана және оқу кабинеттері болуға тиіс. Жаңа мектеп салуға бөлінген қаржының тиімсіз жұмсалуына, талан таражға түсуіне жол бермеу қажет, — деді мемлекет басшысы.